Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Разное  /  4 класс  /  Ағылшын тілі сабағында грамматикалық ойындарды қолданудың ерекшелігі

Ағылшын тілі сабағында грамматикалық ойындарды қолданудың ерекшелігі

Исследовательская работа по английскому языку. Расследовало о грамматической играх в начальном классе.

18.12.2016

Содержимое разработки

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Муса Ә.Қ.


Байқоңыр қаласы №277 орта мектеп


Зерттеудің өзектілігі: мектеп оқушыларының ағылшын тілінде өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы, оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігі.

Зерттеу нысаны: ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын, оқушылардың грамматикалық дағдыларын дамытуға арналған ойын түрлері.
Зерттеудің мақсаты: ағылшын тілі сабақтарындағы ойын арқылы оқыту әдісін, грамматикалық дағдыларды қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері: ойын әдісінің теориялық негіздерін қарастыру; грамматикалық дағды ұғымына түсініктеме беру; ойынның түрлеріне талдау жасап грамматикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған ойын түрлерін топтастыру, тәжірибеге ендіру;
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу барысында топтастырылған грамматикалық дағдыларды қалыптастыру ойындарды сабақ процесінде қолдануға, мектеп мұғалімдеріне зерттеу жұмысының негізгі компоненттерін жинақтап, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынуға болады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Жұмыстағы өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер қолдана алады.
Зерттеудің әдістері: зерттелетін мәселелер жөніндегі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді зерделеу, салыстыру, талдау, педагогикалық бақылау, тұжырымдау, сараптау, салыстыру, қорыту, эксперименттік әдістер қолданылды.


МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Ойын технологиясы

    1. Ойындар классификациясы

    2. Шетел тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
















1. KІРІСПЕ
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына, соның ішінде, білім беру саласына да әсер тигізуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті. [1] Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру [2].
Осыған орай 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Осы орайда ойын технологиясының шетел тілі сабағында қолдану тиімділігі шексіз. Ойын түрлері өте көп. Олар уақыт мөлшеріне қарай (ойын- сабақ), адам санына қарай (топтық, жұптық, жеке) және мақсатына қарай (дайындық, шығармашылық) т.б. болып бөлінеді. Сонымен жеке ойын технологиясының жағымды әсері туралы айтатын болсақ оқушыларды тек қана оқу – білім алуға дағдыландырып қана қоймай, сонымен қатар командада өзін - өзі ұстау, қысылтаяң уақытта амал – айла табу, жылдам шешім қабылдау және жолдастарына адамгершілік пен достық сезімдерін нығайтуға бейімдейді.


2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оқытудағы негізгі мақсат — сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын. Ойындар сабақтың тиімділігін, шәкірт санасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады, сөйлеу қабілетінің даму әрекетін тездетеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық талаптарын мұғалім естен шығармауы керек.

Сабақ үстінде оқушылар ойынды тапсырма ретінде қабылдайды. Бастауыш сынып әдістемесінде бала ойынына ерекше мән беріледі. Сабақ үстіндегі бейнелі ойын, қатысымдық әрекеті іс жүзінде ақиқатқа айналатын кезі көп.

Ағылшын тілі сабағында ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, халықтың салтын үйретуге, табиғат құбылысын танытуға, оқуылардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытуға болады.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады, ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Сабақ үстінде ойын технологиясын қолданудың негізгі шарттары: ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады; оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады; ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.


2.1 ОЙЫНДАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.

А.А.Выготский ойындардың үш негізі топтарын: драмалық, спорттық, өрнектік деп көрсетеді. [3]
Г.А. Агапова ойындарды құрылыстық, жобалау, еңбек, дидактикалық, танымдық, ақыл-ойға, музыкаға байланысты ойындар, ритмикалық ойын жаттығулары, ойын сабақтары, жаттығу ойындары, қалжыңдар, ойын көңіл көтерулер, қозғалмалы ойындар, спорттық ойындар деп бөледі. [4]
П.И. Пидкасистый - табиғи және жасанды ойындарды әрі қарай классификациялай келе ойындардың төрт тобын жинақтайды: а) мазмұнына: шығармашылық ойын, білімді үйрену, жаңа тәжірибелер мен әдістерді іс-әрекетке қолдану; ә) түріне: сюжетті, ролдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік; б) қатынасушыларды ұйымдастыру формасына: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік; в) әсер ету орнына: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы, сценадағы, залдағы, үйдегі ойындар т.б. [5]

Ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері: ойын – саяхаттар, ойын – тапсырмалар, ойын – болжамдар, ойын – жұмбақтар, ойын - әңгімелер.

Ойындардың құрылымы бойынша жіктелуі: сюжеттік – рөлдік, жаттығу, драмалық, шығармашылық және әдеби-музыкалық ойындар.

Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жіктемесі: білім беретін, тәрбиелейтін, дамытатын, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін және диагностикалық ойындар.


2.2 ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Педагогикалық технологиялар тек ақпарат беру ғана емес, құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға негізделеді.[6]

Ағылшын тілі сабағында ұйымдастырылатын ойын технологиясының басты міндеттері оқушының өз-өзін біліммен қаруландыруға ұмтылуы, өз пікірін еркін жеткізе алуы, өзіне деген сенімінің артуы, өз бетінше жұмыс жасауға талпыну, ұмтылыс білдіруі болып табылады.

Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі: қарпайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі. Мысалға бастауыш сынып оқушыларына осы шақтағы «Тo be» етістігінің жіктелуін ертегі арқылы үйрету. Ертегі мазмұны былай: «Ертеде «To be» деген патшалық болыпты. To be-дің үш қызы болыпты. Олар: Am, Is, Are екен. Одан бөлек Pronoun патшалығы өмір сүріпті. Pronoun патшалығың жеті қызы болыпты. Олар: I, You, We, They, He, She, It екен. Бір балда екі патшалықтың қыздары танысыпты. I мен am болыпты. He, She, It-пен is дос болыпты. You, We, They-мен are дос болыпты. Енді осыдан шығатын ереже: I am, He is, She is, It is, You are, We are, They are. Ал енді балалар I-мен кім дос болды деп сұрағанда олар бірден am деп жауап береді.

Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді. «Consequences Chains» ойыны. Оқушылар бұл ойында шартты сөйлемді қолданып, сөйлем айтады. “If I didn’t have this class now, (I’d still be in bed).” Келесі оқушы алдыңғы оқушының басыңқы сөйлемін бағыныңқы сөйлем етіп, сөйлемді өз ойымен жалғастырады. “If you were still in bed now, you’d oversleep and feel groggy when you woke up”, “If you felt groggy when you woke up, you’d drink 3 cups of coffee”, “If you drank three cups of coffee, you’d get chest pains”, etc. Осылайша олар ІІ шартты сөйлем жасауды үйренеді.

Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді?», «мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның оқу мазмұны баланың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. «Finish my story» ойыны. Мұғалім оқушыларға бір мәтін береді және оқушылар 3 топқа бөлініп, сол мәтінді аяқтауы тиіс. Әр 3 минут сайын олар мәтін жазған қағаздарын бір-біріне алмастырады.

E.g. Yesterday I was at home. I was waiting for my friend Nick who promised to come, but did not come. I was lonely and decided to go out. I put on my cap and overcoat and went out into the yard. But as soon as I closed the door I heard a terrible cry. I turned round and saw…

How would you have finished the story if you had been the author?

Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің оқушылармен, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. «Spider’s web» ойыны. Оқушылар шеңбер бойына тұрып, ‘‘should/shouldn’t’ грамматикасын қолдану арқылы бір оқушы кеңес беріп қолындағы жіпті ұсынады және келесі оқушы басқа оқушыға кеңес беріп жіпті сол оқушыға ұсынады. Ойын соңында оқушылардың үлкен өрмекші торы шығады. «Correction» ойыны. Сынып 2 топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөйлем жазылған алма стикерлері жабыстырылады. Оқушылар сол сөйлемдердің қатесін тақтаға кезек-кезек шығу арқылы табу керек. Егер қате жөнделсе онда ол сол топтың себетіне салынады. Дұрыс жауабы табылмаған алмалар қоқыс жәшігіне салынады. Көп алма жинаған топ жеңеді.



  1. ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеудің мақсатына сәйкес, ағылшын тілі сабағында оқушылардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру ойын арқылы оқытумен жүзеге асырылатыны, ойын әдісі арқылы оқушылардың грамматикалық дағдыларын, коммуникативтік құзыреттілігін дамытатыны талданды. Оқушылардың сөйлеу біліктілігін дамыту жолдарының басты шарты – ағылшын тілі сабағында ойын арқылы оқыту әдісін пайдалану тиімдірек деген тұжырымға келдік.

Ойын түрлерінің ішіндегі коммуникативті грамматикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған ойындардың басқа ойын түрлерінен айырмашылығы, тиімділігі анықталды. [7]

Ойын түрлерінің арасындағы айырмашылық, тиімділік анықталып, маңыздылығы айқындалды. [8]

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады». Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді:

1. Әр оқушының шығармашылығы артады;

2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;

3. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

4. Оқушы топ жаруға ұмтылады;

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды;

6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Елбасының жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - 2007. - 28 – ақпан

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. - №1

3. Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка.// Вопросы психологии. – 1966. Т. 6. 340 с.
4. Агапова Г.Г. Профессионально-педагогическая подготовка учителя в США: Автореф. дисс.- канд.пед.наук.-М., 1973, 29 c
5. Пидкасистый П.И., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С. По фундаментальным дисциплинам. // Вестник высшей школы: - 1985. Т. 7. С.4201.Қазақстан

6. Жүнусова К.«Ойын технологиясы» http://kk.wikipedia.org

7. Жұмабаев М.Педагогика.Алматы,Рауан,1993. 250б.

8. Бисенбаева Р. «Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы» «Шетел тілін оқыту әдістемесі» журналы № 1(51)- 2013ж. 18 б.








-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель английского языка

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ағылшын тілі сабағында грамматикалық ойындарды қолданудың ерекшелігі (35.49 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт