Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Планирование  /  4 класс  /  «Аспаптық музыка» (4-сынып)

«Аспаптық музыка» (4-сынып)

Музыка пәні мұғалімдеріне арналған жопар 4-сынып оқушыларына

06.01.2018

Содержимое разработки

ЖОББ Семиглавый Мар мектебі










«Аспаптық музыка»

(4-сыып)













Пән мұғалімі: Бекешева А.А.















2016/2017 оқу жылы




Сабақтың мақсаты мен міндеті: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнерінің қалыптасуы мен дамуы, өнер тарландары мен дәстүрлі өнерді жалғастырушыларды оқушыларға таныстыру.

а) білімділік: Дәстүрлі әншілік өнердің даму ерекшеліктері жайында білім беру.

б) дамытушылық: Оқушылардың білімін қазіргі әншілік дәстүрлер арқылы дамыту.

в) тәрбиелілік: Оларды өнерді қадірлей білуге, қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін сүюге тәрбиелеу, дүлдүлдерден жеткен асыл мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланылған көрнекі--құралдар: Портреттер, суреттер, буклет, магнитафон, аудио кассет.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.

Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың түрі: Аралас, сабақ-концерт.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сыныпқа музыкамен кіргізу.

Өткен материалдарды еске түсіру.

Кавказ халықтарының музыкалық аспаптарын ата.

Орта Азия халықтарының музыкалық аспаптарын ата.

Енді нота түрлерін еске түсірелік.

Бүтін нота, жартылық нота, төрттік нота, сегіздік нота. Мен тақтаға нота жазамын, сендер нота түрін, дыбыстың түрін айтасыңдар.

Жарайсыңдар, әлі де ноталарды қайталаңыздар.

Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы-«Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері және дамуы» деп аталады. Мына портреттерде бейнеленген адамдардың аттарын атайық.

Абай Құнанбаев, Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал Қожағұлұлы.

Бұлар кімдер?

Ақындар, әншілер.

Ақын деген кім, әнші деген кім?

Өлең жазатын адамды ақын дейміз.

Ән айтатын адамды әнші дейміз.

Дұрыс айтасыңдар. Енді біз бүгін қазақтың дәстүрлі әншілік өнері және оның дамуымен танысамыз. Біздің әншілік өнеріміз ерте кездерден күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Қазақ ән жанрының түрлері – жыр, терме, ән, айтыс болып бөлінеді.Тойларда бір бірімен сөз жарыстырған, бұдан келе айтыс өнері дүниеге келді. Жастарға өсиет өлеңдер айту арқылы терме дүниеге келді. Міне, осылай дәстүрлі ән жанры қалыптасты. Уақыт өте өнеріміз дамыды.

Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтулы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді, олар былай аталады:

1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

3.Батыс өңірлердегі әншілік мектеп.

4. Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп.

5.Сыр бойындағы әншілік-термешілік мектеп.

Ұлан байтақ еліміздегі дәстүрлі әншілік өнер әр өңірдің өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат танымына, ойын сауық үрдістері мен тұрмыс салт ғұрыптарына, аймақтық көне сарындар әуеніне байланысты алуан қырлы.

Әнші-композиторлармен бірге әнші орындаушылардың да еңбегі зор. Олар: К. Байсейітова, К. Әзірбаев, Ә. Қашаубаев, Д. Рақышев. Дәстүрлі халық әндерінің жиналып, нотаға жүйеленуіне А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов және т.б. музыка зерттеуші - ғылымдар зор үлес қосты. Оқушыларға Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Абай ата-ағаларымызды таныстырып, әңгімелеп беремін.

Қазір біз Ақан сері мен Абай атамыздын әндерін орындаймыз. Олар: Ақан Серінің әні: «Қараторғай». Абай атамыздың әні: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай».

Дауыс жаттықтыру: до, ре,ми, фа, соль, ля, си, до.

Әндер туралы түсінік беріледі.

Жарайсыңдар.

Тақтаға Венн диаграммасын ілемін.

Айырмашылығы.

Ұқсастығы.


Тірек сызбасын пайдаланамын. Оқушылар дәстүрлі әншілік бес мектепті әкеліп орналастырады.




«Әуенді тап» ойыны.

1. «Отан»

2. «Менің Қазақстаным»

3. «Біздің елтаңба»

4. «Елім ай»

5. «Атамекен»,т. б.


Қорытынды:

Тест сұрақтары:

1. Дәстүрлі ән айту өнерінің бес мектебін атаңыз?

2. Сегіз сері мен Ақан серіні халық кім деп атады?

а. «Жыршы»

ә. «Күйші»

б. «Сері»

в. «Әнші»

3. «Қараторғай» кімнің әні?

а. Абай

ә. Ақан сері

б. Естай

в. Мұхит

4. Эстрада әншісін ата:

а. Жамбыл

ә. Естай

б. Мәдина Ерәлиева

в. Абай

5. Әннің кәсіби түрі:

а. Жыр

ә. Би

б. Опера

в. Айтыс

Жарайсыңдар.

Жауап берген оқушылардың білімін бағалау.


Үйге тапсырма: «Қараторғай», «Желсіз түнде жарық-ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін жаттау. Осы екі ән бойынша сурет салып келу.








-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Аспаптық музыка» (4-сынып) (50 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт