Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  6 класс  /  Білгіштер бекетті

Білгіштер бекетті

Ұзынкөл орта жалпы білім беретін мектеп

/ақыл-ой зерделі ойыны /

Өткізген: Утегалиева Х.К.

Сынып: 6

2017 – 2018 ж

Тақырып: Білгіштер бекеті

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау. Алған білімдерін нығайту.

2. Дамытушылық: Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұйымшыл болуға, әдептілікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Көрнекіліктер: ДК, Интерактивті тақта, карточкалар, слайд.

Жоспары:

  1. Сәттілік кезең
  2. Шешімін тап
  3. Ғажайып алаң
  4. Бұл кім?
  5. Құпия жәшік

1-жүргізуші:Сәлеметсіз бе,құрметті ұстаздар мен қатысушылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, “Білгіштер бекеті.” атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланың бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Ойынға шығатын оқушыларымен таныспас бұрын, ең алдымен әділ – қазылар алқасымен танысып алайық.

Олар: 1.

29.01.2018

Содержимое разработки



Ұзынкөл орта жалпы білім беретін мектеп









/ақыл-ой зерделі ойыны /





Өткізген: Утегалиева Х.К.

Сынып: 6










2017 – 2018 ж


Тақырып: Білгіштер бекеті


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау. Алған білімдерін нығайту.

2. Дамытушылық: Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұйымшыл болуға, әдептілікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Көрнекіліктер: ДК, Интерактивті тақта, карточкалар, слайд.


Жоспары:

  1. Сәттілік кезең

  2. Шешімін тап

  3. Ғажайып алаң

  4. Бұл кім?

  5. Құпия жәшік



1-жүргізуші:Сәлеметсіз бе,құрметті ұстаздар мен қатысушылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, “Білгіштер бекеті...” атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланың бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Ойынға шығатын оқушыларымен таныспас бұрын, ең алдымен әділ – қазылар алқасымен танысып алайық.

Олар: 1.

2.

Ал енді ойынымызды бастайық. Бұл ойынға 3 топ катысады. Олар 3топқа бөлінген.

«Интернет», «Ақпарат», «Компьютер»

Міне оқушылар 3топқа бөлінді, енді әр топ өздерін таныстырып кетсін.


1-жүргізуші: Оқушының жеткен жетістігі ұстаз үшін, мектеп үшін үлкен қуаныш, мына жиналған қауым сіздердің егемен еліміздің тірегі, тұтқасы болуларыңды қалайды.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушылар сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.


2-жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.

1 - кезең: Сәттілік кезең

2 - кезең:: Шешімін тап

3 - кезең: Ғажайып алаң

4 - кезең: “Бұл кім?”

5 - кезең: “Құпия жәшік”


1-жүргізуші: Сайысымыздың 1-ші кезеңін орындауға 3топта дайын болса, бастаймыз.

1 кезең. Сәттілік кезең

Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 5 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында отырып, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

«Интернет» тобының сұрақтары

Сұрақтар

Жауаптар

1

1 байт неше биттен тұрады?

8

2

Ақпараттық процестерге … жатады

сақтау, алмасу, өңдеу

3

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.

ALT+F4

4

Компьютердің ең негізгі құрылғылары?

жүйелік блок, пернетақта, монитор

5

Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?

декодтау

6

Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі

Caps Lock

7

Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

принтер

8

Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды

1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде

9

Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель

шина

10

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу

кодтау

11

Жыпылықтап тұратын тік сызықша

меңзер

12

Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс

сигнал

13

Windows-тің негізгі экраны

жұмыс үстелі

14

Алғашқы программист әйел

Ада Августа Лавлейс

15

Деректерді сақтауға арналған құрылғы

жады


«Ақпарат » тобының сұрақтары

Сұрақтар

Жауаптар

1

Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ

тапсырмалар тақтасы

2

Windows сөзінің қазақша аудармасы

терезе

3

Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

терезе

4

Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер

таңбашалар

5

Жою пернесі

Delete

6

Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады

корзина

7

Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне

Delete

8

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды

Ctrl+Z

9

Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

есептеу

10

Сурет салуға арналған бағдарлама

Paint

11

Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы

модем

12

Басу құрылғыларының түрлері

лазерлік, матрицалық, бүріккіш

13

Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

монитор

14

Компьютер жанына қойылатын өсімдік

кактус

15

Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі

операциялық жүйе


«Компьютер» тобының сұрақтары

Сұрақтар

Жауаптар

1

Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары?

негізгі

2

Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

дисплей немесе монитор

3

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

информатика

4

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы

компьютер

5

Екілік жүйенің сандары

0,1

6

Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы

интернет

7

Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы

оперативті жады

8

Логарифм сызғышын ойлар тапқан оқымысты

Д.Робертсон

9

Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы

Чарлз Бэббидж

10

Компьютердің “миы”

процессор

11

Монитордың экранындағы түрлі түсті нүктелер

пиксель

12

Enter пернесі басқаша қалай аталады?

енгізу пернесі

13

Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы

сканер

14

Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе

Windows

15

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі

интерфейс


Ал қазір жанкүйер оқушылар шығып өздерінің информатика сабағына, компьютерге деген қызығушылығын ақын М. Мақатаевтың «Поэзия», «Мен ғашықпын» атты өлеңдерін компьютермен байланыстырып шығарған, соны тыңдап көрелік.


1 - оқушы:

М. Мақатаев «Поэзиясынан»

Компьютер

Менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Информатика кабинетінен сені іздедім,

Мультимедиадан, физикадан сені іздедім.


Сені іздедім ұстаздардан,

Мектептерден, кабинеттен, парталардан,

Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.


Сені іздедім интернеттен, агенттерден,

E – mail-дан іздедім, пошталардан,

Сені іздедім

Іздеймін шыдам бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?


2 - оқушы:

«Компьютерге ғашықпын»


Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,

Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықпын

Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне,

Сезімімнің толқындарын тасыттым


Мен ғашықпын, компьютерге шын ғашықпын

Сезімімді білдіре алмай жасықтым.

Оған қарай бет алған діріл қағып,

Махаббаттың шыңдарынан асыппын



2-жүргізуші: Ал енді әділ қазылар алқасына сөз берейік.


1-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын – деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне өтейік.


2-жүргізуші: 2 кезең. Шешімін тап

Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Әр топқа 2 логикалық сұрақ қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1

1 сұрақ. Автобуста 4 жолаушы бар. 1 аялдамадан 2 жолаушы мінді, 2-ші аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп 2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп 1-еуі түсті, сонан соң 5-еуі түсіп, 4-еуі мінді. Автобус неше аялдама жүрді? (5 аялдама)

2 сұрақ. Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады. Қай айда 28 саны бар? (Барлық айда)

2

1 сұрақ. Әртіс Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары – Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Цирк әртісінің мойнында қанша адам отыр? (6 адам)

2 сұрақ. Қолдарында он саусақ бар? 10 қолда қанша саусақ бар? (100 саусақ)

(9 қой)

3

1 сұрақ. Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек? (11 рет кесу керек)

2 сұрақ. Мұраттың он қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?

1-жүргізуші :3 кезең: Бұл кезең «Ғажайып алаң» деп аталады.

Мұнда 3 тақырып берілген. Әр тақырыптың ішінде 10,20,30,40 ұпайларға бөлінген сұрақтар жасырылған. Әр топ өзіне керекті тақырыпты таңдап, ішіндегі жасырылған сұрақтардың шешімін табады.

Ақпарат, компьютер.

10- Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан?- “Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін infopmatio сөзінен шыққан

20- Біз ақпаратты қайдан аламыз? - Біз ақпаратты күнделікті өзіміз жүріп жатқан ортадан,газеттен ,журналдардан,теледидардан аламыз.

30 – Процессордың атқаратын қызметі қандай?- Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды

40- Бейнелі ақпарат дегеніміз не?- Бейнелі ақпарат деп - табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды , дәм , иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.

Компьютер және компьютерлік вирустар

10- Антивирустар дегеніміз не? – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай – ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар.

20- Компьютерлік вирустар дегеніміз не? - бұл компьютердің жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар.

30- Қандай вирусқа қарсы бағдарламаларды білесіздер?(кем дегенде бесеуін ата)- Dr.Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т.б. жатады

40- Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар? жүйелік блок, пернетақта, монитор

Paint графикалық редакторы

10- Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

20- Әрекетті орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз?

30 Paint бағдарламасында суретті сақтау үшін қандай команда орындалады?

40 Paint бағдарламасы компьютерлік графиканың қай түріне жатады?


Ал енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

2-жүргізуші: Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.


Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды «Бұл кім?» кезеңі.

1-жүргізуші: 4 кезең. Бұл кезеңді ұпай саны жоғары топ бастайды. Бұл 3 ұяшықта сұрақ берілген. Сол сұрақтан ұлы адамның кім екенін анықтау керек. Дұрыс жауап 10 -ұпаймен бағаланады.

1- Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды.( Чарльз Бэббидж)


2- Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.(ада лавлейс)

3- 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.(Блез паскаль)


2-жүргізуші: 5 - кезең Құпия жәшік.

Қазір 3 топқа ортақ 1 сұрақ оқылады. Жауабын қол көтеріп қана айтамыз.


1-жүргізуші: Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған.

Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?


2-жүргізуші: Ойынымыздың шешуші сәті, жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.Әділ қазылар алқасына сөз берейік.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- деп әділқазыларға сөз береміз.


1-жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Халқымның жүрегіне шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.


Бүгінгі көріп тамашалаған “ Білгіштер бекеті” сайысы өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!




-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Білгіштер бекетті (114 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели