Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Мероприятия  /  11 класс  /  Білімділер сайысы

Білімділер сайысы

Біздер, қазіргі заман өкілдері өз тұрмыс тіршілігімізді математикалық, физикалық шамалармен, олардың өлшем бірліктерімен байланыстырмай елестете алмаймыз. Шамалар ұғымымен біз күн сайын кездесеміз. Сабақта болсын, тұрмыста болсын немесе ғылым мен техникада болсын шамаларды ескермей қадам баса алмаймыз. Мысалы: салмақ, қашықтық, көлем, жұмыс немесе құн (баға) деген сияқты маңызды шамаларды көптеп атап көрсетуге болады. Ғылымда шамаларды қолдануына қарай физикалық немес т.б түрге жіктейміз

30.05.2019

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Білімділер сайысы.

Сабақтың мақсаты: 1) Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (логикалық есептер)

3. Математикалық хоккей

4. Ғажайып алаңы

5. Кім жылдам?

6. Полиглот

7. Білімділер сайысы


Қолданылған нақыл сөздер: 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс) 2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов) 3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)


1 жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Білімділер сайысына қош келдіңіздер!Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

2 жүргізуші: Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Бүгінгі сайысқа 1 курс студенттері қатысады.Ортаға сайысқа қатысушы 3 топты шақырамыз

1 жүргізуші:

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! – дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларды таныстыра кетейін.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады. (слайд)

2 жүргізуші:

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

1 жүргізуші:

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.


І кезең. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады

Әр топтың аты, өсиеттері, эмблемалары болады.)


ІІ кезең. «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге,бәйге,бәйгені бір көріңіз

(Әр топ 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)

І топқа:

1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы?

2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

5. санының кері саны? (10)

6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

7. Жарты түзу. (сәуле)

8. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

9. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

10. . Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар (қарама-қарсы сандар)


ІІ топқа:

1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

4. Санақ басы 0 нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу (кординаталық)

5.Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

6. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

7. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

8. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

9. Ең үлкен хорда. (диаметр)

10. Екі теріс санның қосындысы неге тең? (теріс санға)

ІІІ топқа:

1.Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед(куб)

2.Жазыңқы бұрыш шамасы(180)

3.Ең кіші жай сан(2)

4.Екі қатынастың теңдігі(пропорция)

5.Екі теріс санның көбейтіндісі(оң)

6. Қарама-қарсы екі санның қосындысы (0)

7. Ең кіші натурал сан (1)

8. «-» таңбасымен алынған сандар (теріс)

9. Оң санға да теріс санға да жатпайды (0)

10.5/3 кері сан (3/5).


ІІІ кезең. Математикалық хоккей. Әр топқа есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады. Қай топ бірінші есепті дұрыс шығарып аяқтайды сол топ жеңіске жетеді.

І топқа: 7,8:(-2,6)+(-5,2)*(-5) Ж:

ІІ топқа: 12:(-2,4)+(-3,5)*(-4)

ІІІ топқа: 3,5*(-2)+5,6:(-4)

IV кезең. Ғажайып алаңы

20----20----20

30----30----30

40----40----40

Сол жақтағы 20. (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.

Ортадағы 20. (әзіл есеп) «Қу түлкі» Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127

Оң жақтағы 20 . “Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді? Жауабы: 2 мин

Сол жақтағы 30. Екі адам 5 метірлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6минут)

Ортадағы 30. Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой (400)

Оң жақтағы 30. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері 80минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесін (екеу тең)

Сол жақтағы 40. 5 ǀхǀ=40 теңдеуін шешіңдер

Ортадағы 40. ǀуǀ-25=-15 теңдеуін шешіңдер

Оң жақтағы 40. 46+ǀхǀ=75 теңдеуін шешіңдер

Vкезең. «Кім жылдам?» Алдарыңда бірнеше әріптер берілген. Осы әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. И Ц Ү Ш Б Ө О А Р Ы К Л Н Ұ П Е Ж Й Л Т З Қ У С ( Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он рационал, үш, жүз, пайыз, түзу,жұп, жазық ,бөлу (13сөз)

VI кезең. «Полиглот» Мұнда жұмбақ шешімін 3 тілде айту керек.


1)Бойы екі қарыс, сыйып тұр жиырма бес арыс (сызғыш, ленейка)

2)Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсе де. (түзу, прямая)

3) Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан – жағыңа қарамай? (натурал сан)

4) Бірдей санды бірнеше рет

Қосудан тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?(көбейту, умножение)



1 жүргізуші:

Бүгін сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлім мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңды.

2 жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл сайысқа,

Келгендерге көп рақмет

Шын сезінген көрермен баршаңызға

Қорытынды сөз әділ-қазылар алқасына

Марапаттау.



-80%
Курсы повышения квалификации

Арт-математика - эффективный инструмент эстетического воспитания обучающихся

Продолжительность 16 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
2500 руб.
500 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Білімділер сайысы (20.93 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели