Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  10 класс  /  Электр өлшеуіш аспаптар

Электр өлшеуіш аспаптар

Бақылау-өлшеу аспаптары — процестердің тиімді жүруі үшін оның көптеген параметрлері белгілі шекте болуы қажет. Оны қамтамасыз ету үшін әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптары қолданылады. Олар шамалардың тегіне қарай, мынадай түрлерге бөлінеді: амперметр, вольтметр, омметр, мегомметр.

Электр тізбектеріндегі ток күштерін өлшеу үшін әр түрлі жүйелі амперметрлер,милиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады. Оларды тізбекке тізбектеп жалғайтындықтан, тізек арқлы өтетін барлық ток аспап арқылы да өтеді.

19.12.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Электр өлшеуіш аспаптар: Ампервольтомметрлер (тестерлер), мегоомметрлер және т.б. өлшеуіш аспаптар. Электр өлшеуіш аспаптардың тағайындалуы және құрылымы.


Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға электр өлшеуіш аспаптарын және олардың бір – бірінен айырмашылықтары жайлы түсінік беру. Электр өлшеуіш аспаптарының құрылымдарымен таныстыру.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ток күші, электр кернеуі және оларды өлшейтін құралдар амперметр, вольтметр, омметр, ватметрлерді түсіндіре отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.


Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыруын ұйымдастыру, өлшеу аспаптарын ұқыпты пайдалана білуге, жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерін қатан сақтауға дағдыландыру.


Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Амперметр, вольтметр, омметр, мегометрлердің технологиялық картасы, бейне көрсетілім «Электр өлшеу аспаптарының түрлері», «Омметр қызметі», «вольтметр».



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру

2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру


ІІ. Кіріспе нұсқау:

1. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру

2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру:


Сұрақ-жауап.


  1. Дәнекерлеу дегеніміз? ( қосылатын (біріктірілетін) металл  жиектерін жоғары, бірақ балқу  температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл  беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру).

  2. Батырып дәнекерлеу?  ( компоненттері ілмелі платаны ыдыстағы балқыған дәнекер бетімен жанасқанша төмендетіп, белгілі уақыт өткенше ұстап тұрып дәнекерлеу).

  3. Канифоль ? ( шыны тәрізді, ашық-сары түсті қатты зат).

  4. Флюс дегеніміз? (домна пешінің шихтасына бос жыныстардың балқу температурасын төмендету және күл мен күкіртті қожтүрінде ығыстыру үшін қосылатын минералды заттар).

  5. Флюс түрлері ? (араластырылғaн флюс, балқытылғaн флюс, керамикалық флюс, қақталған флюс ,пемзотүрлі флюс , пісіру флюсі, шыны түрлі флюс).

  6. Дәнекерлеу ? ( жалғаудың ең сенімді, бірақ күрделі әдісі).


Білім алушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:


Білім алушылардың ой-өрісін тексеру:

  1. Электр өлшеу аспаптарына не жатады?

  2. Электрөлшеуіш аспаптың шартты белгілері?


Бақылау-өлшеу аспаптары — процестердің тиімді жүруі үшін оның көптеген параметрлері белгілі шекте болуы қажет. Оны қамтамасыз ету үшін әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптары қолданылады. Олар шамалардың тегіне қарай, мынадай түрлерге бөлінеді: амперметр, вольтметр, омметр, мегомметр.

Электр тізбектеріндегі ток күштерін өлшеу үшін әр түрлі жүйелі амперметрлер,милиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады ( 1-сурет). Оларды тізбекке тізбектеп жалғайтындықтан, тізек арқлы өтетін барлық ток аспап арқылы да өтеді.



1-сурет. Амперметр


Түрлі электрлік өлшеулер жүргізгенде өлшеуіш аспаптардың оны жалғаған тізбектегі электрлік режимді мейлінше аз өзгерткені өте маңызды. Соған байланысты амперметрдің кедергісі тізбектің кедергісімен салыстырғанда елеусіз болуға тиіс.

Амперметрді ток көзінің полюстеріне жүксіз қосуға болмайды, өйткені амперметрдің кедергісі аз орамаларынан үлкен ток өткенде оның жанып кетуі мүмкін. Сондай ақ, амперметрді жүкке параллель жалғауға болмайды . Кейбір электр өлшеуіш аспаптардың орамалары және жеке элементтері арқылы, оларды істен шығарып алмауы үшін, елеулі үлкен ток өткізуге болмайды. Әсіресе, магнитті электрлік аспаптардың спираль серіппесімен жылжымалы орауышын ескерген жөн.

Вольтметр — тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап (2-сурет). Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.

2-сурет. Вольтметр

Электронды вольтметр - электр кернеуді өлшеуге арналған электрондық аспап. Электронды вольтметр электрондық жиынтықтан (түзеткіштен, күшейткіштен) және түрақты токты өлшсу механизмнен тұрады. Электронды вольтметр әсерлейтін және орта кернеуді өлшейтін түрі, сонымен электронды вольтметр өлшенетін синусоналды кернеудің амплитудасына немесе қисығының ауытқу түрінің ең биік моні сәйкес келетін кернеудің амплитудалық мәнін өлшейтін түрі болады. Электронды вольтметр импульсті түрі де болады. Онымен аз уақыттағы (0,1 ... 300 мс) амплитуданы өлшеуге болады. Өлшеу шегін кеңейту кернеу бөліктерін қолдану арқылы жүргізіледі. Электронды вольтметрдің негізгі артықшылықтары: іс жүзінде өзі қуат пайдаланбайды және жиіліктерінің аумағы кең.

Кедергілерді омметрмен өлшейді (3-сурет). Кедергілерді өлшеу мүмкіндіктерді кернеу тұрақты болған жағдайда ток күші кедергіге байланысты болып келетініне негізделген. Осы тәуелділік негізінде тізбектің кедергісін ондағы ток күшіне қарай айыруға болады. Омметрдің тілі шкала бойынша омметрдің қысқыштарына жалғанған кедергінің шамасын көрсетеді.

3-сурет. Омметр


4-сурет. Омметрдің үлгі ретіндегі кедергімен тізбектей (а) және параллель (б) жалғану схемалары

Омметрдің параллель жалғану схемасын аз кедергілерді өлшеу үшін ал тізбектей жалғану схемасын үлкен кедергілерді өлшеу үшін қолданады.

Электрөлшеуіш аспаптың шартты белгілері:

Әрбір электр өлшеуіш аспаптың шкаласында шартты белгілер мен аспаптың құрылымы және пайдалану жөніндегі қажетті мәлімет көрсетіледі.

Кіріспе нұсқауды пысықтау:

ІІІ. Ағымдық нұсқау:

  1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу

  2. Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау

  3. Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру


1-аралау. Білім алушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын тексеру

2-аралау.Жұмыста қолданылатын жұмыс құралдарының жұмысқа жарамдығын тексеру

3-аралау.Жұмыстың уақытылы басталуын білім алушылардың, іс-қимылдарының дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс тәсілінің

дұрыстығын тексеру

4-аралау.Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау

5-аралау.Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп, түзету және қосымша

нұсқау беру.

6-аралау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру,

7-аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру



-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Электр өлшеуіш аспаптар (169.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт