Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  3 класс  /  Презентациядағы дыбыстар

Презентациядағы дыбыстар

Оқушы. Компьютердегі бумадағы сақталған дыбысты презентацияға кірістіре алады. -Презентациядағы дыбысты өңдей алады. -Интернеттен керек материалдарын жүктей алады
15.05.2020

Содержимое разработки


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Байылхан Б

Сынып: 3

Қатысушылар саны: 15

Сабақтың тақырыбы

Презентациядағы дыбыстар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары

4.2.3.3 презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру

4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Презентацияға дыбысты кірістіру.

Көпшілігі: Презентациядағы дыбысты өңдеу.

Кейбіреулері: Цифрлық құрылғы арқылы түсірілген бейнеге әсерлер қосу, презентацияға кірістіру.

Бағалау критерийлері

Оқушы ...

Компьютердегі бумадағы сақталған дыбысты презентацияға кірістіре алады.

-Презентациядағы дыбысты өңдей алады.

--Интернеттен керек материалдарын жүктей алады

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

  • мультимедиа

  • мультимедиа клиптері

Академиялық тілді дамыту үшін қолданылатын сөз тіркестері:

  • Қандай көздерден/қандай құрылғылардың презентацияға арнап дыбыс ала аламыз?

  • Слайд арасында жылжу кезеңіңде дыбыс қажет пе?

Дыбыс баптауын жалғастыру үшін ...

Пәндік лексика және терминология:

Презентация­– Презентация – Рresentation

Дыбыс­– Звук – Sound

Құндылықтар

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыс

Бұл бөлім 4 сынаптағы «Қоршаған ортамен танысу» тақырыбына ортақ болып табылады

Алдыңғы білім

Оқушылар мәтін, презетация, бейне өңдейтін қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасай алады; өз жұмыстарын ашып, өңдеп және сақтай алады; іздеу жүйесімен және браузер жұмысымен таныс.


Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- шаралар


Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 4 мин

























5-10мин




  1. Ұйымдастыру:

Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлінеді.


М ұғалім оқушылармен амандасады. Келмеген оқушыларды белгілейді.




Осы суретті пайдаланып сабақтың тақырыбын анықта (слайд1).

  1. Мақсатты тұжырымдау

Мұғалім оқұшылармен бірігіп сабақтың тақырыбы мен алдарына қоятын мақсатын тұжырымдайды. Оқушылар оқу мақсаттарын анықтайды (слайд2).

  1. Балаларға бүгін тиын жинап, ең көп тиын жинаған топ жеңіске жететінін түсіндіру

  2. Білімнің өзектілігі.



(Т) қызығушылықты қолдау және дамыту (слайд3).

Өткен сабақты жүйлеуге мұғалім «Сұрақтар цилиндрі» әдісін қолданып сұрақтар қояды.

Әр топ өткен сабақтарға сұрақтар құрастырады. Мұғалім құрастырған сұрақтарын цилиндрге салуын ұсынады.

Кейін мұғалім сұрақтарды араластырып әр топтан оқушыларды бір-бірден шақырып сұрақты цилиндрден алуын ұсынады.

- егерде оқушы сұраққа жауап бере алмаса көршісі көмектеседі.

(ҚБ) Топтар өзара бас бармақ әдісі бойынша бағалайды.


Презентация

Слайд 1-2

















Презентация

Слайд3









Сабақтың ортасы

11-17мин









18-20мин















21-36мин

Жаңа тақырып. Кітаптағы материалды оқып шығып төмендегі сөйлемді толықтыр (карточка1).

Презентацияға дыбысты кірістіру үшін қандай командалар тізбегін орындаймыз?

Power Point бағдарламасында жасалатын презентацияға сурет, мәтін, ..., ...., ...., қоюға болады.

Пре­зен­тация­ны­ көр­се­ту ­ке­зін­де­­ му­зы­ка­ны­ ой­на­ту үшін:

1. Мәзір жолағынан Кірістіру (Вставка)Дыбыс (Звук) тармағын таңдап, Файлдан (Из файла) батырмасын басамыз.

2. Компьютерден қажетті музыкалық файлды тауып, Кірістіру (Вставить) батырмасын басамыз.

3. Слайдта дыбыстық белгіше бөлектелгенде, Ойнату (Воспроизведение) Бастау (Начало) батырмасын, содан соң Барлық слайдтар үшін (Для всех слайдов) батырмасын басамыз.

(Ф.Б) Жұдырық –Алақан әдісі бойынша бағалайды.


Сергіту сәті

«Иә/ жоқ» әнін қолдана отырып, би қимылдарын көрсетеді



Дискідегі тапсырмаларды орындау


Құлаққаппен үнемі әуен тыңдаудың зияны туралы қосымша ақпарат көздерінен мәлімет ізде.

1. Интернеттен төмендегідей нысандардың суреттерін және олардың ды быс тарын тауып, жүктеп ал. Интернеттен адам денсаулығына зиянды ультрадыбыс пен инфрадыбыс туралы мәліметтер жинақтап, презентация жаса.

«Қоршаған орта және дыбыстар» тақырыбына 4–5 слайдтан тұратын презентация жаса. Әр слайдқа тиісті дыбыстарды кірістір. Дыбыстар туралы қандай ақпарат білесің? Дыбыстардың қандай маңызы бар? Презентацияны қызықты материалдармен толықтыр.

«Қар кесегі» - Әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

Акпараттық –коммуникациялық технологиялар, Қадырқұлов Р., Рыскулбекова А.Д. –Алматыкітап баспасы, 2019ж,

95 - 97 бет,

Карточка1.







Презентация

Слайд 4,

(аудиоматериал)


Диск


Акпараттық –коммуникациялық технологиялар, Қадырқұлов Р., Рыскулбекова А.Д. –Алматыкітап баспасы, 2019ж,

96 бет.


Сабақтың соңы


37-40 мин

Рефлексия


«Бестік» кері байланыс.

Қағаздың бетіне өз саусағыңыздың саусақтарын айналдыра сызады.

Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларын жазады.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады

Төртінші саусақ – менің көңіл күйім

Бесінші саусақ – менің ұсынысым

Таратпа қағаздар (А3 форматтағы қағаз), қаламсап, фломастер




-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель физики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 4450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Презентациядағы дыбыстар (189.65 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт