Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  8 класс  /  Программалық қамсыздандырудың кіріктірілген ортасының компоненттері

Программалық қамсыздандырудың кіріктірілген ортасының компоненттері

16.05.2020

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп: №72 ЖББО IT мектеп - лицей


Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсынбек А.Т.

Сынып: 8А,8Ә



Сабақ тақырыбы

Программалық қамсыздандырудың кіріктірілген ортасының компоненттері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.2 программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану

Сабақ мақсаты

  • программаны өңдеудің кіріктірілген жүйесінің стандартты компоненттерінің қызметін талдау

  • ПӨКО компоненттерін қарапайым қосымша интерфейсін жасауда пайдалану;

  • стандартты компоненттердің жұмысын басқару үшін Программа кодын жазу.

Бағалау критерийлері

- ПӨКО стандартты компоненттерінің қызметін біледі;

- стандартты компоненттерді қосымша интерфейсін жасауда пайдалана алады;

- стандартты компоненттерді қосымша жасауда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ПӨКО стандартты компоненттермен байланысты ұғымдарды (компонент аттары және қызметтері) есепті шығару және түсіндіруде дұрыс пайдаланады

Құндылықтарды дарыту

Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы есептерді шығаруда әртүрлі білім салаларын пайдалану

Бастапқы білім

Программа тілдері, олардың қолданылу саласы туралы бастапқы білімдері бар



Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    1. мин

  1. Миға шабуыл

Оқушылар мұғаліммен бірге кез-келген қарапайым қосымшаның интерфейсін қарастырып, оның қызметін талдайды.

Мысалы: Калькулятор қосымшасы - оның интерфейсі және қызметін талдау

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады


Презентация



Сабақтың ортасы

6-20 мин

  1. Мұғалім ПҚКО ұғымдарымен және стандартты компоненттермен таныстырады

Мұғалім ПҚКО негізгі сипаттамасын айтып түсіндіреді.

Мұғалім ПҚКО үшін таңдалып алынған Программа интерфейсімен таныстырады.

Сынып мұғаліммен бірге ПҚКО стандартты компоненттері және олардың қызметімен танысады

Стандартты компоненттерді пайдалана отырып құрастырылған қарапайым қосымшалардың интерфейсін және қызметін талқылайды

Оқушылар қосымшаларға өз мысалдарын келтіреді

Презентация


Практикалық жұмыс

21-36мин

  1. Жұппен жұмыс

Оқушыларға қарапайым ситуациялар ұсынылады. Ситуацияларды оқушылар жұпта талқылап, оның шешімі ретінде қосымша интерфейсінің суретін ұсынады.

Ситуациялар:

  • Жылдамдықты өлшеуші (уақыт және қашықтық) қосымша

  • Енгізілген тауардың саны мен бағасына сай сомасын анықтайтын қосымша

  • 4 тоқсандағы бағалардың орта мәнін есептейтін қосымша


  1. Практикалық жұмыс (қалыптастырушы бағалау)

  • Оқушылар жекеле құрастырылған интерфейсті компьютерде жүзеге асырады

  • Интерфейстегі компоненттердің қызметіне сай Программа кодын жазады

Бағалау:

  • мұғалімнің бақылауы;

  • жұмыс істеп тұрған қосымша интерфейсін дескрипторлармен бағалау

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

стандартты компоненттерінің қызметін біледі

Енгізу-шығару, безендіру үшін пайдаланылатын компоненттердің қызметтерін анықтай алады

стандартты компоненттерді қосымша интерфейсін жасауда пайдаланады

Мәліметтерді енгізу, шығару үшін пайдаланылатын компоненттерді интерфейс жасауда тиімді пайдадана алады

Интерфейс интуитивті түсінікті болуы үшін компоненттерді тиімді қолданады

Қарапайым Программа кодын жазу

Есептеу үшін формула қолданады



Презентация


Таратпа материал


Сабақтың соңы

37-40 мин

  1. Рефлексия.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • ПҚКО дегеніміз не?

  • ПҚКО компоненттері дегеніміз не?

  • Қарапайым компонентке мысал келтір, қызметін анықта.

Презентация


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау


-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 4450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Программалық қамсыздандырудың кіріктірілген ортасының компоненттері (31.58 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт