Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Тесты  /  1 класс  /  Семинар для педагогов "Профилактика суицидального риска в образовательном учреждении"

Семинар для педагогов "Профилактика суицидального риска в образовательном учреждении"

14.02.2017

Содержимое разработки

Күні:

Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Техникалық еңбек

Мақсаты: Қауіпсіздік ережесі туралы түсінік беру. Мата түрлерімен таныстыру,олардың түр-түсін,сапасын ажырата білуге үйрету, шеберханадағы тігін құрал-жабдықтарымен, олардың пайдаланылуымен, құрылысымен танысу.

Әдіс-тәсілдер: мата түрлерімен танысу, тігін жұмысын бақылау,саяхатта көргендерін әңгімелету,сұрақ-жауап. Керекті құралдар мен материалдар: мата, тігін құралдары

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең





Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі










Рефлексия




Жылулық шеңбері:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Жұмбақ жасыру.

Өзі жүріп отырады,

Ізі тігіп отырады. (Ине)

Құрал-жабдықтар:дайын үлгілер, киімдер,әртүрлі маталар./жібек,мақта матасы, қалың мата,дәке,сиса/

«Құрақ құрау» ойыны.


Жұмыс істеу ережелерін сақтау: -ине-жіпті сақтау;

- қайшымен ұқыпты жұмыс жасау; -жұмыс орындарын таза ұстау,еңбек әрекетінен кейін орындарын жинау.

Сабақты қорытындылау.

-Не жасадық?

-Ұнады ма? -Несімен ұнады?

Балалардың бір-біріне жылы тілектер айтады.





Жұмбақ шешеді.




Балалар құрал-жабдықтармен танысады.




Әртүрлі пішінді маталарды түстеріне қарай үйлестіріп,құрақ құрайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: мата түрлерінің түр-түсін,сапасын ажырата білу;

Игеру: тігін құралдарын қолдана білу

Меңгеру: қауіпсіздік ережесін сақтау

Күні: Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Қолданбалы еңбек «Тігіс түрлері».

Мақсаты:балаларды қол еңбегімен,ине-жіппен, тігу түрлерімен таныстыру, ине-жіппен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру,инені сабақтау,ине-жіпті пайдалану ережелерін сақтауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,қыздар көйлегін қарау. Керекті құралдар мен материалдар: ине-жіп,қайшы,мата,әліппе-дәптер..

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең




Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі








Рефлексия





Күтілетін нәтиже:



Жылулық шеңбері

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жұмбақ жасыру

Өзі жүріп отырады, Ізі тігіп отырады.

Ине-жіппен жұмыс істеу ережелері айтылады..

Ине сабақтаумен,тігу тәсілімен танысады.

Ине туралы өлең оқылады.

Ойын: «Ине мен жіп»



Бағалау.Мадақтау.





Білу: матамен жұмыс жасай білу; Игеру: тігу түрлерін білу ұқыпты жұмыс істеу.


Балалардың бір-біріне жылы тілектер айтады





Балалар жұмбақ шешеді./Ине/




Ине-жіппен жұмыс істеу ережелерімен танысады.


Балалар тігіс түрлерін жасайды.




Күні: Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Көркем еңбек. «Көңілді шеберхана»

Мақсаты:әртүрлі заттардан қуыршақ жасауды үйрету; баланың шығармашылығын,қиялын,тапқырлығын дамыту,саусақ театры ойындарымен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер:бағыт беру, сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын іс-әрекеті

Керекті құралдар мен материалдар: жіп, түрлі түсті қарындаш, түйме, қағаз, тәрелке, қасық, кірқыстырғыш, фломастер, желім, қайшы, қылқалам, сүлгі.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең





Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі








Рефлексия



Күтілетін нәтиже:


Жылулық шеңбері:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Тәрбиеші балаларға саусақ ойындарын түсіндіреді.Әртүрлі заттардан қуыршақ театрын жасауды ұсынады. 1.Ағаш немесе пластмасса қасықтан жасалған қуыршақ.

2.Теннис добынан қуыршақ жасау.

3.Кірқыстырғыштан қуыршақ жасау.

4.Қағаз пакеттен қуыршақ жасау.

5.Шұлықтан қуыршақ жасау.


Жасалған жұмысты бағалау

Білу: әртүрлі заттардан қуыршақ жасай білу. Игеру: саусақ театры ойындарын білу. Меңгеру:әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Балалардың бір-біріне жылы тілектер айтады







Балалар мұқият тыңдап,тәрбиешімен бірге қуыршақ театрын жасайды.









Күні

Білім беру саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Тұрмыстық еңбек “ Кесе ”

Мақсаты: Кесені ұлттық ою-өрнектермен қиып жапсыруды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:ыдыс-аяқтың суреттері, кесенің суреті,үлгі сурет

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация









II.Ізденіс-ұйымдастыру
























III.Рефлексия




Шаттық шеңбер жасау:

Мысалы: Армысың қайырымды аспан-ата!

Армысың мейірімді жер-ана!

Армысың шұғылалы алтын күнім!

Армысың балабақшам, дос-жараным!

Тәрбиеші: Қанеки балалар енді біз тілек айтайық.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын.

Еліміз тыныш болсын.

Деніміз сау болсын.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Мысалы:

Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
                                         (ыдыс)

Балаларға ыдыс-аяқтың суреттерін көрсетіп ,әңгімелеу.

Тәрбиеші:Балалар, кеселер әр түрлі болады (үлкен, кішкентай) және де олардың түстері де әр-түрлі болады. Мысалы: ақ, сары, көк.

Кесенің үстіңгі жағы жалпақ кең, ал төменгі жағы кішірек болады.

Кесенің түбінде шұңқыры болады.

Кесені қалай қағаздан қиятынын балаларға түсіндіру.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тұнығып алайық.

Балалар дербес жұмыс жасайды.

Қиналған балаларға жеке көмек көрсету. Дайын жұмыстармен көрме ұйымдастыру.

Сабақтың қорытындысы.

- Балалар біз бүгінгі сабақта не жасадық?

- Кесе.

- Бір сөзбен не дейміз?

- Ыдыстар.

Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Өлең жолдарын қайталайды.









Жұмбақты шешеді.





Тыңдайды.






Сергіту сәтін орындайды.






Дербес жұмыс жасайды.






Күтілетін нәтиже:
Білу:Ыдыс-аяқтарды атай білуі;
Игеру: Кесені ұлттық ою-өрнектермен қиып жапсыруды игерілуі;
Меңгеру: Жұмысты басынан аяғына дейін бітіріп аяқтауды меңгерілуі;













Күні

Білім беру саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Тұрымстық еңбек “Киіз үй”

Мақсаты: Киіз үй жабдықтармен таныстыру,оны қиып жапсыруды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:шаңырақ,кереге,уық.

Көрнекіліктер: киіз үйдің суреті,үлгі сурет

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация







II.Ізденіс-ұйымдастыру.






























III.Рефлексия


Шаттық шеңбер жасау:

Мысалы: Армысың асыл күн !

Армысың асыл жыл ,

Армысың көк аспан !

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос ,

Болайықшы жақсы дос .

Балаларға жұмбақ жасыру.

Мысалы: 1.Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. /Киіз үй/

2.Жетпіс екі найзаны,
Біріктіріп ұстап тұр,
Ата-бабаның қай жаны,
Ие болса оған — ұшпақ бір./Шаңырақ/
  3.Көрсең,

Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,

Қатарлап сызған жолақтай./Кереге/

Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.

Балалармен киіз үй туралы әңгімелеу.

Киіз үйдің жабдықтарын атау.

Балалардың жауаптары тыңдатылады.

Бүгін жапсырма сабағында біз сендермен киіз үйді қағаз бетіне жапсыруды үйренеміз.

Көрсету:Киіз үйдің суреті мен үлгі суретін балаларға көрсету;

Түсіндіру:Киіз үйді қалай қағаздан қию керек екенін балаларға түсіндіру:

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.

Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады.

Сабақты қорытындылау.
-Балалар біз бүгін сабақта нені жапсырдық?

Балаларды бағалау.

Өлең жолдарын қайталайды..






Жұмбақты шешеді.














Балалар сұрақтарға жауап береді.









сергіту сәтін жасайды.





Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже: Білу: Киіз үйдің жабдықтарын білуі;

Игеру: Киіз үйді қиып жапсыруды игерілуі;

Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;














Күні _____

Білім беру саласы: вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Тұрмыстық еңбек “Тұзкиіз әшекейлеу”

Мақсаты: Тұзкиізді жапсыруды үйрету,әр түрлі оюларды жапсыруға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,

Көрнекіліктер: Көктемнің суреті және тұзкиіздің үлгісі.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әс-ірекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивация









II.Ізденіс-ұйымдастыру












III.Рефлексия


Шаттық шеңбер:

Мысалы:

Көлде аққу,көлде қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Өлеңнің мазмұнын ащу.

Балалармен әңгімелесу.

-Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?

-Көктемде ауа-райы қандай болады?

-Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктерді байқалады?

-Балалар,көктемде қандай мереке болады?

-Ия,дұрыс.Аналарымыздың мерекесі болады.

Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар,бүгін жапсырма сабағында біз сендермен тұзкиізді әшекейлеуді үйренеміз.

Көрсету: Балаларға көктемнің және тұзкиіздің үлгісін көрсету;

Түсіндіру:Тұзкиізді қалай жасайтынын түсіндіру.

Сергіту сәті:

Дербес жұмыс: Балалар жұмыс жасауға кіріседі.Ал,педагог бақылап отырады.

Сабақты қорытындылау

Бүгін біз нені қиып жапсырдық?

Бағалау және мадақтау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.






Балалар сұрақтарға жауап береді.






Суретке қарайды.



сергіту сәтін жасайды.


дербес жұмыс жасайды.




Күтілетін нәтиже:

Білу:Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білуі;

Игеру:Тұзкиізді әшекейлеп жасау жолдарын игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты тиянақты орындауды меңгерілуі;
























Күні: Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. «Құстар».

Мақсаты:балаларды табиғи материалдармен таныстыру;олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру; онымен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру; табиғи материалдарды біріктіру; құстардың бейнесін жасауды үйрену; жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету, түсіндіру, әңгімелесу,талдау жасау,құстың пішінін жасау жолдарын көрсету,сұрақ-жауап,ойын. Керекті құралдар мен материалдар: табиғи материалдар,ермексаз,тақтайша,құстар бейнесінің үлгісі.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең





Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі



















Рефлексия





Жылулық шеңбері:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Құстар жайында білімдерін тиянақтау. Жұмбақ шешу. 1.Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды. Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі... (Торғай)

2.Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)



Табиғи материалдардан құрастырылған әртүрлі жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.

Жұмыс жасауға бағыт-бағдарберіледі.

Сұрақ-жауап:

Бұл құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

Қандай тыйым сөздер білесіңдер?



Сергіту сәті:


Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі.Жақсы еңбектер мадақталады.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.





Балалар жұмбақ шешеді

Торғайды,әтеш.


Балалар үй құстары мен жабайы құстарды сурет бойынша салыстырады, әңгімелейді.




Балалар құстарды жасауға кіріседі.



Жем шашамыз,ұя жасап,су береміз.

«Құстың ұясын бұзба», «Жұмыртқасын жарма»




Күтілетін нәтиже:

Білу: табиғи материалдармен жұмыс жасай білу; Игеру: жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын білу;құстардың бейнесін жасай білу. Меңгеру:ұқыпты жұмыс істеу,жұмыс орнын таза ұстау.




















Күні: Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. «Тасбақа».

Мақсаты:балаларды табиғи материалдармен таныстыру;олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру; онымен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру; табиғи материалдарды біріктіру; тасбақаның бейнесін жасауды үйрену; жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету, түсіндіру, әңгімелесу,талдау жасау, тасбақа пішінін жасау жолдарын көрсету,сұрақ-жауап,ойын. Керекті құралдар мен материалдар: табиғи материалдар,ермексаз,тақтайша, тасбақа бейнесінің үлгісі.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең





Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
















Рефлексия





Жылулық шеңбері:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Жұмбақ шешу.

Тастан салған үйі бар,

Көшіп жүрген асықпай.

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ іздеп, ашықпай. (Тасбақа)


Табиғи материалдардан құрастырылған әртүрлі жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.

Жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріледі.

Сұрақ-жауап:

Бұл тасбақаның тіршілігі жайында не білесіңдер?




Сергіту сәті:


Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі.Жақсы еңбектер мадақталады.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.





Балалар жұмбақ шешеді

Тасбақа





Балалар тасбақаны жасауға кіріседі.




Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу: табиғи материалдармен жұмыс жасай білу; Игеру: жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын білу;

Меңгеру:ұқыпты жұмыс істеу,жұмыс орнын таза ұстау.























Күні _____

Саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. “Қоян мен сәбіз”

Мақсаты: Қоянның бейнесін және оған сәбізді қиып тігуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу, көрсету, мүсіндеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: дала жануары, қоян, көжек, орман.

Көрнекіліктер: жанурлардың суреті, ойыншықтар, үлгі сурет.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация













II.Ізденіс-ұйымдастыру






















III.Рефлексия

Шаттық шеңбер:

Есек құлақтас,

Ит сирақтас,

Түйе еріндес,

Жапалақ көздес,

Бұта түбі кеуеге,

Кеуегінде көжегі.

Не туралы айтылған?

Қай жануардың сирағына ұқсайды дейді?

Ненің ерніне ұқсайды дейді?

Көзі қандай?

Жұмбақ жасыру.

Есек құлақ,

Қорқақ өзі,

Қыли көзі?

Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан соң, тәрбиеші ойыншық қоянды көрсетіп, балалармен бірге қоянның дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әр түрлі көлемді цилиндрден жасауға болатынын айтады. Тәрбиеші қағаздан қоянның жасалу жолын ретімен көрсете отырып, жапсыру тәсілін түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан топпаңда,

Көжегі екен өзіннің.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Д/о: Қоянның суретін құрастыр!

Шарты: балалар суретке қалап қоянның суретін құратырады.

Балалардың жұмыстарын талдау.

Сонымен балалар біз бүгін нені мүсіндедік?

Қоянның құлағы қандай?

Қоян қайда мекендейді?Мадақтау, бағалау

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.











Жұмбақтын шешуін табады



Балалар қоянның дене құрлысын айтады.







Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.






Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі: қоянның дене құрылысын білуі тиіс.

Игеру : әр түрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден құрастыру;

Меңгеру:құрастыру тәсілмен қоянды жапсыруды игереді.
















Күні _____

Білім беру саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. «Балық”

Мақсаты: Балықты тігуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Алтын балық.

Көрнекіліктер: балықтың суреті, үлгі сурет., маталар әр түсті

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация









II.Ізденіс-ұйымдастыру.

































III.Рефлексия






Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!
- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
- Иә.
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу).
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Бұл балықтар өзіміздің Әйтеке би кентінде кездесетін, көріп жүрген балықтар. - Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?
- Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?
- Ендеше барлығымыз бір - бірден өз тілегімізді айтып көрейікші.
(Балалар бір - бірден өз тілектерін айтады)
- Жарайсыңдар, балалар. Ендеше орындарымыздан тұрып, осы жақсы тілектерімізді ішкі лебімізбен алтын балыққа үрлеп жіберейікші.
- Уф, Уф, Уф.(сергіту сәті)
- Жәрайсыңдар, тамаша! Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма?
- Ендеше бүгінгі жапсыру оқу іс - әрекетін пайдалана отырып, матадан балықты қиып жабыстырайықшы.
- Жарайсыңдар, балалар, әр- түрлі әдемі балықтар жасап шығардыңдар.
Білімдерін бекіту:
«Балықтардың қандай дене мүшелері жоқ?» деген компьютерде слайдтар көрсету. Балалар, балықтардың дене мүшелерін атайды.
Қорытындылау:
- Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп- көп рахмет!

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.



Тәсілді балалар үйренеді.



































- Тамақ керек.



- Ұқсайды.

- Әр түрлі.

- Қызыл.

- Ақ балық.



- Ұнады.


Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі.
Игеру: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.

Меңгеру: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.




Күні ___

Білім беру саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. “Маймақ қонжық”

Мақсаты:Қонжықты қиып алып тігуге үйрету,ұқыптылыққа қол жеткізуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жабайы жануары, түлкі, орман.

Көрнекіліктер: жабайы жануарлардың суреті, түлкінің суреті, үлгі сурет, маталар

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация








II.Ізденіс-ұйымдастыру































III.Рефлексия


-Балалар мен қазір бір жануарға сипаттама беремін, сендер сол жануарды тауып көріндерші.

- Орманда мекендейді, түсі қоңыр, өзі ірі. Ол қандай жануар деп ойлайсыңдар?

Ал, балалар , ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ жасыру:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. Аю.

Жұмбақ шешуін тапқаннан кейін балалардан енді осындай аю туралы қандай ертегі білесіңдер деп сұрайды. Ертігілерде аю қандай болып кездеседі?

Аюдың суретіне қарап, оның дене бөліктерін талдау (денесі, басы, құйрығы, құлағы, көзі).

Аюдың баласын қалай атайды?

Балалар: аюдың баласын –қонжық дейді.

  • Аюдың денесінің пішіні неге ұқсайды? Басы, аяқтары ше?

  • Оның түсі қандай? Оның сыртқы пішініне қарап тұмсығы сүйір, үшкір, көзі қысық, айлакер қу екендігі бірден білінеді.

  • Түлкінің бейнесін салу үшін негізгі элемент «жапырақтар» болып келетінін ескерту. Үлкен-кіші жапырақтардың суретін салу арқылы түлкіні бейнесін қиып тігуге болатынын және оны орналастыру ретімен таныстырып, жапсырудың жолдарын көрсетіп түсіндіру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Д\о: «Артығын сыз»

Ойынның мақсаты: жабайы жануарға жатпайтын жануарды тауып, сызу.

  • Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?

  • Аю қандай жануар?

  • Аюдың түсі қандай?Балаларды бағалау.

Балалар сипаттамаға жауап айтады.






Жұмбақты шешеді.






Балалар сұрақтарға жауап береді.





Тәсілді балалар үйренеді.







Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.





Суреттен не артық екенін көрсетеді.




Артығын сызып көрсетеді,



Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже: Білу: Жабайы аңдарды білуі ;

Игеру: Маймақ қонжықтың дене мүшелерін мата бетіне тігуінің игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты ұқыпты,тиянақты орындалуын меңгерілуі;





Күні: Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Жапсырмалау жұмысы. Күшік пен мысық. Мақсаты: балаларды мата түрлері,оның қолданылуы,сапасымен таныстыру; матамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру; тіктөртбұрыш пішінді матадаг әртүрлі ойыншықтар жасату арқылы ой-қиялын дамыту;

қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесімен таныстыру. Әдіс-тәсілдер: матаны бүктеу,қию,желімдеу,қарама-қарсы бұрыштарын теңестіру,түзу қию тәсілдерін түсіндіру,үлгілерді талдау. Керекті құралдар мен материалдар:түрлі түсті мата,қайшы,желім,үлгі суреттер,қатырмақағаз және жазуға арналған жұқа қағаздар.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең










Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі










Рефлексия

Жылулық шеңбері:

Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында ертегі оқу;сурет бойынша әңгімелету;олардың бір-бірінен ерекшеліктері жайында айтып, сипаттама беру.Балаларды әртүрлі мата түрлерімен таныстыра отырып, сапасына тоқталады. Алдын ала дайындаған үлгіні көрсетіп,орындалу ретімен таныстырады. Желіммен,қайшымен дұрыс жұмыс жасауларын қадағалап отырады.

Күшікке,мысыққа да ат қоюды және солар туралы тақпақ айтып беруді сұрайды. -Балалар бүгін біз не жасадық? -Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады? Бағалау.Мадақтау.

Балалардың бір-біріне жылы тілектері.









үй жануарлары, жабайы жануарлары туралы білетіндерін айтады.


Балалардың өздігінен жұмыс жасауға бағыт беріледі. Еңбектер мадақталып, ерекше аталып өтеді.



өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтар айтады.



Күтілетін нәтиже: Білу: қағаз түрлерін,оның қолданылуын,сапасын білу.

Игеру: қағазбен жұмыс жасай білу.

Меңгеру: қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесін білу.






















Күні _____

Білім беру саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Жапсырмалау жұмысы “Түрлі түсті көбелек”

Мақсаты: Балалардың шығармашылық ойлау қиялдарын дамыту,көбелекті жапсыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті көбелек.

Көрнекіліктер: жәндіктердің суреті,көбелектің үлгі суреті. , фальга

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация








II.Ізденіс-ұйымдастыру.



























III.Рефлексия


Шаттық шеңбер жасау:

Мысалы: Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балаларға жұмбақ жасыру.

Мысалы: Гүлге ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады. /көбелек/

Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.

Балаларға жәндіктердің суреттерін көрсетіп,әңгімелеу.

Бұл қандай жәндіктің түрі?-деп сұрақ қою.

Балалар: қызыл қоңыз,құмырсқа, көблек, инелік т.б

Бүгін жапсырма сабағында біз сендермен түрлі түсті көбелекті қағаз бетіне жапсыруды үйренеміз.

Көрсету: Балаларға көбелектің суреті мен үлгі суретін көрсету;

Түсіндіру:Балаларға көбелекті түрлі түсті қағаздан қалай қиятынын түсіндіру;

Сергіту сәті:

Ал,балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созайық.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазайық.

Отырайық,тұрайық,

Бір тынығып алайық.

Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады

Дидактикалық ойын: Өрнектері ұқсас бірдей көбелекті тап.

Мақсаты:Балалардың логикалық ойлауын дамыту.

Сабақты қорытындылау.
-Балалар біз бүгін сабақта нені жапсырдық?

-Қысқы құралдарды атап беріңдер?Оларға не жатады?

Балаларды бағалау.

Өлең жолдарын айтады.







Жұмбақты шешеді.



Балалар сұрақтарға жауап береді.











сергіту сәтін жасайды.










Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу:Жәндіктердің түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;

Игеру: Түрлі түсті қағаздан көбелекті қиып алып,жапсыруды игерілуі;

Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;















Күні _____

Саласы: Вариатив

Бөлімі: «Өнерлі қолдар»

Тақырыбы: Жапсырмалау жұмысы “Әтеш”

Мақсаты: жапсыруда барынша айқын түстерді қолдану; балалардың көз мөлшерін, ырғақ пен түсті сезіне білулерін дамыту; Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: әтеш, айдары, қауырсыны.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреті, үлгі сурет, әтештің суреті.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Жағымды


Жағымсыз


I.Мотивация













II.Ізденіс-ұйымдастыру.
















III.Рефлексия

1.Шаттық шеңбер:

Д/о: «Мен айтқан құсты тап»

Балаларға жұмбақ жасыру:

Орақ құйрық, тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас.

(Әтеш)

Кеудесі қайқандап,

Жүреді балпаңдап.

(Қаз)

  • Бүгін үй құсы – әтештің бейнесін жапсырамыз.

  • Әтештің дене мүшелерін атайықшы?

Әтештің жасалу жолын көрсету:

- Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

- Түрлі түсті қағаздан әтештің бөлшектерін қиып алу.

Негізгі қағаз бетіне ретімен:

Денесін;

Басы мен тұмсығын;

Қанатын;

Айдары мен сақалын;

Табанын;

Құйрығының қауырсындарын жапсыру.

Қара фломастермен әтештің көзін салу.

Балалар әтешті қиып, жапсыруға кіріседі.

Сергіту сәті;

Д/о: «Не артық?»

Шарты: суретке қарап артық суретті сызып көрсету.

  • Бүгін біз нені жапсырдық?

  • Әтеш қайда мекендейді?

  • Бүгін біз қандай тәсілді қолдандық?

Мадақтау,бағалау

Балалар ойын ойнайды


Жұмбақ шешеді.






Балалар сұрақтарға жауап береді.


Әтештің жасалу жолымен танысады.








Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.

Суреттен не артық екенін көрсетеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Құстарды ажырата алуды білуі;

Игеру: Әтешті қағаздан қиып алуды игерілуі;

Меңгеру: Жұмысты басынан бастап аяғына дейін аяқтауды меңгерілуі;





















Күні: Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Былғарымен жұмыс.

Мақсаты: Былғары жайында мәлімет алу, балаларды қол еңбегімен, ине-жіппен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру,инені сабақтау,ине-жіпті пайдалану ережелерін сақтауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,қыздар көйлегін қарау. Керекті құралдар мен материалдар: ине-жіп,қайшы,былғары

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивациялық кезең





Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі






Рефлексия





Күтілетін нәтиже:



Жылулық шеңбері:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Жұмбақ жасыру


Былғары түрлерімен таныстыру. Ине-жіппен жұмыс істеу ережелері айтылады..

Ине сабақтаумен,тігу тәсілімен танысады.

Ине туралы өлең оқылады.

Ойын: «Ине мен жіп»

Бағалау.Мадақтау.




Білу: матамен жұмыс жасай білу; Игеру: тігу түрлерін білу ұқыпты жұмыс істеу.



Өлең жолдарын айтады.





Балалар жұмбақ шешеді.

/Былғары/


Ине-жіппен жұмыс істеу ережелерімен танысады.


Балалар тігіс түрлерін жасайды.





-75%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания информатики, инструменты оценки учебных достижений учащихся и мониторинг эффективности обучения по ФГОС ООО и ФГОС СОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Семинар для педагогов "Профилактика суицидального риска в образовательном учреждении" (185.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт