Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  10 класс  /  Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі

Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі

16-желтоқсан "Тәуелсіздік" күніне арналған сынып сағаты.

11.01.2018

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Тәуелсіздік –елімнің еркіндігі»

Мақсаты:  Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.


Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны,

Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 4 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 


Кіріспе7

 Мұғалім сөзі: Тәуелсіз елім - Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 26 жыл! 



1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, қонақтар, оқушылар !

2-жүргізуші: Қайырлы күн жиналған қауым! Бүгінгі күні 10Б сыныбының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәелсіздік-елімнің еркіндігі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 26 жыл толды. Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор, қуатты мемлекетке айналдық. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік.

2-жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекіттік. Көптеген елдермен экономикалық қарым-қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екенін жария еттік. Мақсатымыз – бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдердің қатарына ену.

1-жүргізуші:Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Еліміздің Тәуелсіздік күні баршаңызғы құтты болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
2-жүргізуші. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.

1 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.


2-жүргізуші: Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16-желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шейт болған құрбандарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


1-жүргізуші: Рахмет.

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. 



2-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік. 1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

1-ші оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта «желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды.



Көрініс

(1986 жылдың 16-желтоқсаны. Алаңға қазақ жастары жиналуда. Қолдарынды «Еркіндік», «Тәуелсіздік», «Бостандық» деген жазуы бар плакаттар)

1-оқушы: Әй,тұғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай, қосылындар біздің қатарға!

2-оқушы: Қазақ жерін тек қазақ билеуі керек. Біз бейбіт шеруге шығамыз!

3-оқушы: Еліміздің тәуелсіздігі үшін шығамыз!

4-оқушы: Қазақ халқының ары мен намысы біржола өлген жоқ, біз ұлтты қорлауға төзбейміз. Ашық қарсылық көрсету керек. Осы жолы бас көтермесек мәңгі тапталамыз!

5-оқушы: Отаншыл деген рухы бар қыздар, алға!

6-оқушы: Жолдастар, Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі жасасын!

7-оқушы: Қашыңдар!Десант! Қырып жатыр! Қолдарында қысқа сапты күрек...

8-оқушы: Жолдастар, қорықпандар! Бостандық біздікі!

Барлығы бірге:

Бостандық! Тәуелсіздік!, Еркіндік!


1-жүргізуші: 2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

2-ші оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік- әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады. 


2-жүргізуші: 3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?


3-ші оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.


2-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков туралы мәлімет беретін оқушылар:_________________


4-ші оқушы: 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылды.


1Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін»-деп шешім шығарды.Сот «Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма деп сұрағанда берген жауабы»


5-ші оқушы: Қайрат Рысқұлбеков «Ақтық сөз»

Ақтық сөзің не? – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,


Алам десең, алыңдар! 

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты - құрбандық,

Атам десең атыңдар!


Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған-азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!



6-оқушы: Түрмеде жатқан Қайраттың өз отбасына жазған хатынан үзінді.


221-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.


2-жүргізуші: 5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?

6-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті- Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген «Аллажар» фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.


1-жүргізуші: 6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?

6-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды. 


2-жүргізуші: Хундызбай Ботакөздің орындауында «Желтоқсан желі» әні. Қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: 7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсан оқиғасының жемісі дей аламыз ба?

7-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.


8-ші оқушы: Мұхтар Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық»


Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім,

жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы. 

2-жүргізуші

Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,

26 жыл Тәуелсіздік болғалы.

Елі текті, киелі, қасиетті, жерімнің

Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.

1 – жүргізуші:Тарих үшін қас-қағымдық қана сәт 26 жылда 20 ғасырда жүк болатын асулардан асқан Тәуелсізідік Қазақстанның шешіресіне алтын әріптермен жазылар айтулы оқиғалар аз емес. Сондай тарихи күннің көшін 1991 жылдың 16-шы желтоқсаны бастап тұр. Бұл ел тарихындағы ең бақытты күн, құтты күн. Сол күні Қазақстан Республикасының Президетті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асыл арман орындалды.

Өмірге Тәуелсіз Қазақ елі келді.

2- жүргізуші: Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігін ең бірінші болып 15 минуттың ішінде құттықтап үлгерген Түркия мемлекеті болды.

1- жүргізуші:

Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.

Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Қорытынды:
Мұғалім: «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ.

Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі, Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 26 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!









6


-75%
Курсы повышения квалификации

Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учётом ФГОС ДО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі (29.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт