Меню
Разработки
Разработки  /  Коррекционная школа  /  Разное  /  3 класс  /  Инклюзивтік білім берудің жолдары мен жағдайлары

Инклюзивтік білім берудің жолдары мен жағдайлары

ммммммммммммммммммммммммммммммммм

пппппппппппппппппппппппппппп

рррррррррррррррррр

оооооооооооооооооооооо

08.02.2017

Содержимое разработки

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың

бірден-бір жолы- инклюзивті білім беру.

Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру- барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклю­зив­тік білім берудің енгізіле бас­тағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Са­па­лы білім -барлығы үшін» түсі­нігімен бірге қолданылады. Яғ­ни жалпы білім беретін мек­тептерде мүмкіндігі шектеулі ба­ла мен басқа да әлеуметтік қор­ғалатын топтарға жататын оқу­шыларға өзгелермен теңдей бі­лім беру, соған жағдай жасау. Қа­зіргі кезде Қазақстанда мүм­кіндігі шектеулі балалар кө­біне-көп арнайы мектеп-ин­тернаттарда білім алады. Шын­­дығында олар оқшау­лан­ған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалып­тасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүм­кіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін ор­та мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жа­сау енді-енді қолға алына бас­тады. Инклюзивті білім берудің не­гізі мектептегі барлық балаға олар­дың ерекшеліктерінен тыс са­палы білім беру болып та­былады. 
- Бұл семинар - 2009 жылы Астанада өткен халықаралық конференцияның заңды жал­ғасы. Инклюзивті білім бе­рудің халықаралық және қазақ­стандық тәжірибесі қоғам, отбасы, мемлекет ерте ме, кеш пе барлық балалар сапалы білім алу үшін бірдей жағдай жасауға міндеттенетінін көрсетіп берді. Бүгін инклюзивті білім беру әді­сі енгізілген жалпы білім бе­ре­тін мектептер мен мектепке дейінгі дайындық жүйесінің пе­дагогтары өз тәжіри­белері­мен бөліседі. Мүмкіндігі шек­теулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елде­рі­нің арасында алғаш рет «Мүм­кіндігі шектеулі балаларды әлеу­меттік және медика-педа­го­гикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан бала­лар­ға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Олар­ды білім беру, әлеуметтік, ме­дициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең басты­сы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принцип­тері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы бол­са, 2007 жылы 49 пайызы ғана қол­дамаған. Яғни педагог­тар­дың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдау-ға дайын болды. Ал ата-аналар­дың 79 пайызы түсінбей, «неге ме­нің баламның қасында мүге­дек бала отыруы керек?» деп на­ра­зылық білдірсе, қазір олар­­­дың көпшілігі бұл идеяны қол­дайды. Бұл инклюзивтік бі­лім берудің дамып жатқанын көр­­сетеді. Бірақ шешімін тап­паған мәсе­ле­лер көп. Орта бі­лім беретін мек­тептерде педа­гог­­­тар­ды дайын­дау, мек­теп­­тердің ондай ба­лаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәсе­ле­лер­ді ше­шуіміз керек, - дейді Бі­лім және ғылым министр­лігінің Мек­тепке дейінгі және орта бі­лім департаментінің бас сарап­шы­сы Бақыт Мырза­ға­лиева.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқық­тары тура­лы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шек­теулі жандарға жағдай жа­сауға міндеттенген. Осы мәсе­лені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семи­нарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклю­зивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қа­жетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу қажет. «Біз ал­ғашқы қадамын жасадық. Сон­дықтан мемлекеттік «Білім беру­ді дамытудың 2011-2020» жыл­дарға арналаған бағдар­ламасына бірінші рет инклю­зивті білім беруді дамытуды қос­тық. Бірақ бізде жұмыс іс­теп тұрған арнайы мектеп­тер­дің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайын­да қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе бе­реді. Жақында ғана респуб­ликалық зағип балаларға ар­нал­ған жаңа мектеп салу жө­ніндегі Үкіметтің шешімі шық­­ты.



-75%
Курсы повышения квалификации

Инклюзивное образование: Психолого-педагогические аспекты в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Инклюзивтік білім берудің жолдары мен жағдайлары (15.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт